«Бизнес бастау және кәсіпкерлік» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Бизнес бастау және кәсіпкерлік» тақырыбында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Байұзақұлы студент жастармен кездесу өткізді.
«Бизнес бастау және кәсіпкерлік» тақырыбы – жастарды өз ісін бастауға, қаржылық сауаттылықты дамытуға, нарықтағы мүмкіндіктерді тиімді қолдануға үйретуді көздейді. Бұл бағытта бизнес-жоспар құру, тәуекелдерді бағалау, табыс көзін қалыптастыру және бастапқы капиталды тиімді пайдалану секілді маңызды қағидалар жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында депутат жастарға қаржыны көбейту жолдары, оқу аяқталғаннан кейін бизнесті неден бастау керектігі және уақытты тиімді пайдалану жөнінде практикалық кеңестер берді.
Ерболат Байұзақұлы кәсіпкерлікті бастау үшін дұрыс орта, қолдау және үздіксіз әрекет қажеттігін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында бизнес жүргізудегі тәуекелдер, кәсіптің құрылу кезеңдері, кәсіпкер бойында болуы тиіс қасиеттер және тәуекелге баруда білімнің маңызы кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар депутат студенттерді уақытты тиімді жоспарлауға, әр минутты дұрыс пайдалануға шақырды. Өз тәжірибесімен бөлісе отырып, табыс табу, қаражатты көбейту және ұзақ мерзімді жоспар құру жөнінде пайдалы ұсыныстар жасады.
Іс-шара еркін форматта өтіп, студенттер өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

22 Қараша 2025
296