COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Университетіндегі Заң клиникасы – студенттер үшін жаңа мүмкіндік!

 

Сапалы білім беру және тәжірибелік дағдыларды арттыру мақсатында Заң факультетінің студенттері үшін университет базасында Заң клиникасы жұмыс жасайды. Мұнда қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс қимыл жоспарына сәйкес құқықтық кеңес беріледі.

 

Негізгі артықшылықтары:

Әріптестік: Жамбыл облысы бойынша Әділет департаментімен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

 

Тәжірибе: Студенттер "Құқықтану", "Қылмыстық құқық", "Мемлекеттік қызметтегі заңгер" бағыттары бойынша нақты тәжірибелік және өндірістік практикадан өтеді.

 

Әлеуметтену: Студенттер құқық қолдану органдарының және құқықтық көмекке мұқтаж азаматтардың нақты мәселелерін шешуге белсенді қатысады.

 

Тегін Кеңес: Халыққа құқықтық және әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар беріледі.

 

Даму: Теориялық білімді тереңдету, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу және жауапкершілік сезімін дамыту.

Бұл клиника – болашақ жоғары білікті заң кадрларын дайындайтын, тәжірибе алмасу және құқықтық білім беру орталығы!