Шерхан университеті студенттері Ұлттық диктантта!

Бүгін Тараз қаласында ұйымдастырылған "Ұлттық диктант" жобасына Шерхан университетінен 511 студент белсене қатысты.
Жоғары оқу орнының студенттері мемлекеттік тілге деген құрметін және сауаттылық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Диктант мәтіні ретінде қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған "Оқу жайы" мақаласынан үзінді алынды.
Бұл шара – қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, жастардың тіл мәдениетін дамытуға және мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Шерхан университетінің белсенді студенттеріне алғысымызды білдіреміз!

01 Қазан 2025
394