Адал және Саналы ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті және Тараз қаласы білім бөлімінің №66 орта мектебі «Адал және Саналы ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі» жас патриоттар форумын ұйымдастырды.
Форумға Шерхан университетінің «Саналы ұрпақ» студенттер клубының мүшелері мен Тараз қаласы №66 орта мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері қатысты.

Мазмұнды іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ажибаев Айбек Иткараұлы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Берді Ерасыл сөз сөйледі.

Адал және саналы ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, парасаттылық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз.

Форум барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелігіне оқушылар қабылданып, арнайы белгіше табысталды.
Сонымен қатар, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен Тараз қаласы білім бөлімінің №66 орта мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумның мақсаты – жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие ортақ жүргізу, рухани-адамгершілік пен азаматтық-патриоттық шараларды іске асырып, білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты игілікті-әдептік құндылықтарын қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыс жүргізеді.

19 Қыркүйек 2025
393