Студенттер дипломдық жобаларын қорғап бастады

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын 6В01101 - «Педагогика және психология», 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер өздерінің теориялық, ғылыми және практикалық ізденістерін жоғары деңгейде көрсете білді және дипломдық жобаларын сәтті қорғап шықты.

Сондай-ақ, аталмыш кафедраның 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01101 - «Педагогика және психология» - білім беру бағдарламалары бойынша кешенді емтихандар басталды.

Студенттерімізге сәттілік тілейміз. Білімді, білікті және бәсекеге қабілетті мамандар болуына тілектеспіз.




15 Мамыр 2024
1107