«Педагогикалық» практикасының жабылу конференциясы өткізілді
05.04.2023ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультеті «Тарих және география» кафедрасына қарасты 6В01501-«География», 6В01602-«Тарих» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттерімен «Педагогикалық» практикасының жабылу конференциясын өткізді.
Студенттер практикада ашық сабақ және тәрбие сағаттарын өтіп, мұғалімнің басты міндеттерімен танысты. Іс-тәжірибеден алған тәжірибе, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, есеп берді. Конференцияға Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Қадырова А.С., оқу бөлімінің маманы Жанар Сексенбаева, «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі Ж.Е.Мырзабеков,
аға оқытушылары А.К.Ботбаев, Г.К.Успанова, М.Н.Тоқбаева А.Р.Джунисбекова
П.Т.Касымкулова қатысты.






06 Сәуір 2023
1247