Sherkhan kids university — болашаққа бастар білім алаңы!
Sherkhan Kids University — оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін ашып, болашақ мамандығын ерте таңдауға мүмкіндік беретін ерекше білім беру алаңы.
Жоба университет пен мектеп арасындағы тұрақты серіктестікті нығайтып, оқушыларға жоғары оқу орнының академиялық және шығармашылық ортасымен ерте танысуға мүмкіндік береді. Басты ерекшелігі – оқушылар мамандықтар туралы тек теориялық ақпарат алып қана қоймай, университет базасында практикалық тапсырмалар орындап, өз қабілеттерін сынап көреді. Жоба аясында оқушылар тәжірибелік жұмыстарға қатысып, шағын зерттеулер жүргізеді, құқықтық кейстерді талдайды, медиа өнімдер әзірлейді және бизнес идеяларын таныстырады. Осылайша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттік клубтары, зертханалары, кітапханалары, өндірістік базалары мен кампус инфрақұрылымы біртұтас білім беру бағдарламасы аясында ұсынылады.Science LAB – «Ғажайыптар зертханасы»
Жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықты арттыруға бағытталған тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар ұйымдастырылады.
Edu LAB – «Ұстаздар академиясы»
Оқушылар педагогикалық мамандықтармен танысып, білім беру саласының ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көреді.
Law LAB – «Әділет академиясы»
Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмалар орындалып, түрлі құқықтық жағдайлар мен кейстер талданады.
Business LAB – «Бизнес және идеялар академиясы»
Қатысушылар кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамытып, бизнес идеяларын әзірлеу және қорғау мүмкіндігіне ие болады.
Creative LAB – «Шабыт әлемі»
Шығармашылық бағыттағы мамандықтар таныстырылып, оқушылардың креативті ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріледі.
Жоба аясында қатысушылар:
тәжірибе жасап, шағын зерттеу жүргізеді;
құқықтық кейстерді талдайды;
бизнес идеяларын ұсынады;
шығармашылық қабілеттерін дамытады.
ЖОБАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!
7 қазан
11:00
Желтоқсан 69Б, 4-қабат, Акт залы

06 Қазан 2026
95