Хабарландыру!

Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кандидаттарды іріктеу конкурсын жариялайды.
Кімдер қатыса алады?
- Университеттің 2–3-курс студенттері.
Негізгі талаптар:
- Үлгерім көрсеткіші — GPA 3.0-ден жоғары;
- Шет тілін меңгеру деңгейі — ағылшын тілі B2 деңгейінен төмен емес;
- Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы (сертификаттар мен марапаттардың болуы артықшылық береді).
Қажетті құжаттар:
- Студенттің өтініші (белгіленген үлгі бойынша);
- Транскрипт (қазақ және ағылшын тілдерінде);
- Ағылшын тіліндегі түйіндеме (CV);
- Кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты;
- Тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болса) немесе университетішілік емтихан нәтижесі.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 9 қазан.
Құжаттарды тапсыру орны: Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы, Желтоқсан көшесі, 69Б, 1.2.202-кабинет.
Шетелдік жоғары оқу орнында білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтап, білім көкжиегіңізді кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

29 Қыркүйек 2026
135