Құрметті Студенттер, Оқытушылар!
04.12.2025ж. сағат: 10.00-де Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Бизнес-инкубатор университеттің кәсіпкерлік экожүйесінің бөлігі ретінде» атты тренингі өтеді.
Тренинг барысында талқыланатын сұрақтар:
- Швейцарияның технологиялар және кәсіпкерлік институтында «FinTech», «International Law» бағыттары бойынша оқу мүмкіндігімен танысу;
- Идея мен академиялық жобаларды табысты стартаптарға енгізу мүмкіндігі.
Тренерлер:
- Айнур Муканова, СА SITE институтының бизнес-даму жөніндегі директоры;
- Данияр Медетов, «Кәсіпкерлік және инновация мектебі» бағдарламаларының директоры, Алматы Менеджмент Университеті, PhD докторы.
Өтетін орын: Желтоқсан 69б, Акт залы, 4-ші қабат.

28 Қараша 2025
171