Барлық қызығушылық танытқан студент жастардың назарына!
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында "ӘРЕКЕТ-2023" бизнес-стартап жобаларының аймақтық байқауы өтетіндігі жөнінде хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты: студенттерді кәсіпкерлікке тарту арқылы шығармашылық идеяларды анықтау және инновациялық қызметті жандандыру болып табылады.
Байқаудың міндеті: студенттер арасында инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу, білім алушылардың арасында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жолдарын насихаттау.
Байқауға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Жобаларыңызды асыға күтеміз!


16 Наурыз 2023
1505