«ІШКІ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІ» БӨЛІМІ
Жалпы ережелер
Университеттің қауіпсіздік қызметі (ары қарай ҚҚ) қызметкерлер оқытушылар және білімгерлер қауіпсіздігін қорғау жүйесін жасаумен, сонымен қатар институттың объектілері мен қызметкерлерінің материалдық - техникалық құндылықтарын күзетумен айналысады.
Қызметтер барысында (ІҚҚ) тікелей университет ректорына бағынады.
Өз жұмыстары барысында ІҚҚ Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексіне» «Күзет қызметі туралы» Заңдарының күзет мәселелері бойынша Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін,ХТИИ Ережесін, ҚҚ іс-әрекеттеріне байланысты университеттің ректорының бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.
ІҚҚ бастығын университеттің ректоры басқарады, ол университет ректорының бұйрығымен тағайындалып және босатылады.
ҚҚ қызметіне толығымен ҚҚ бастығы жауап береді.
Міндеттері
Университеттің өндірістік – техникалық құрлыстарының мүліктері мен басқа да материалдық құндылықтарын күзету
Университеттің оқу корпустары мен ауласында қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау
Бақылау-өткізу жүйесін қамтамасыз ету
Университеттің оқу ғимараттары мен ауласында қызметкерлер, оқытушылар және білімгерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қызметтік міндеттерін атқару барысында шыншылдық, алғырлық және тапқырлық дағдыларын көрсету
Басшылық бұйрықтарын сөзге келмей орындау, жүктелген міндеттерді тиянақты атқару
Әрдайым дене дайындығы деңгейін көтеру

