ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ

Бейсекеева Камила Салимовна
Басқарма басқышы
Байланыс телефоны: +7 707 886 8009
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69Б
Басқарма туралы
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Цифрландыру басқармасы — университеттің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін, білім беру мен басқару процестеріне цифрлық технологияларды енгізетін құрылымдық бөлім.
Басқарманың мақсаты
Университеттің бірыңғай цифрлық ортасын қалыптастыру, оқу, ғылыми және әкімшілік қызметті заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары
- университеттің компьютерлік, желілік және серверлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
- оқу корпустарындағы компьютерлік аудиториялар мен техникаға техникалық қызмет көрсету — әр корпусқа жауапты маман бекітілген;
- IP-телефония жүйесін баптау, ішкі нөмірлерді бөлу және телефон байланысының үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- бет-әлпетті тану жүйесі бар турникеттердің жұмысын қамтамасыз ету, студенттер мен қызметкерлердің деректерін жүйеге енгізу және бақылау;
- компьютерлік және оргтехниканы сатып алуды ұйымдастыру, жабдықтау, түгендеу және есептен шығару;
- университеттегі іс-шаралар мен емтихандарды техникалық сүйемелдеу;
- онлайн-курстар (МООК) мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуге қолдау көрсету;
- ақпараттық қауіпсіздік пен компьютерлік аудиторияларда қауіпсіздік техникасын сақтауды қамтамасыз ету.
Техникалық қызмет көрсету секторы
Тулеев Тұрсыналы Нахысбекович
сектор жетекшісі
Байланыс телефоны: +7 701 756 2596
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69Б
