БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ
Орталық туралы
Біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау орталығы мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, заманауи білім мен тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталған қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Орталықтың құрылу және қызметін бастау күні – 2026 жылғы 1 қыркүйек.
ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Педагогтер мен басқа да сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, қайта даярлау және еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасау.
ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау курстарын ұйымдастыру;
білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту;
тыңдаушылардың өтінімдерін қабылдау және оқу топтарын қалыптастыру;
семинарлар, тренингтер, вебинарлар және шеберлік сабақтарын өткізу;
оқыту нәтижелерін бағалау;
курстан кейінгі сүйемелдеу және кері байланыс жүргізу;
курсты аяқтаған тыңдаушыларға тиісті құжаттар беру.
оқытылатын пәндер бойынша кәсіби білімді жетілдіру;
педагогикалық және әдістемелік шеберлікті дамыту;
жасанды интеллект және цифрлық технологиялар;
инклюзивті білім беру;
инновациялық оқыту әдістері;
ғылыми-зерттеу қызметі;
басқару және көшбасшылық;
бейіндік және кәсіптік бағыттар;
ұйымдардың сұранысы бойынша арнайы курстар.
ОҚУ ҮДЕРІСІ
Оқыту бекітілген білім беру бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады. Курстар күндізгі, онлайн және аралас форматта өткізілуі мүмкін.
Оқу үдерісі дәрістерді, тәжірибелік сабақтарды, тренингтерді, өзіндік жұмыстарды, кеңес беруді және қорытынды бағалауды қамтиды. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. Курстардың ұзақтығы білім беру бағдарламасына сәйкес белгіленеді.
ОҚУ АҚЫСЫ
Курстардың оқу ақысы бағдарламаның бағытына, ұзақтығына, оқу форматына байланысты белгіленеді. Қызмет құны университеттің бекітілген прейскурантына сәйкес есептеледі. Ұжымдық өтінімдер мен ұйымдарға арналған курстардың құны шарт негізінде айқындалады.
Курсқа жазылу тәртібі
1. Қажетті курсты таңдау.
2. Өтінімді толтыру.
3. Қажетті құжаттарды ұсыну.
4. Оқу ақысын төлеу.
5. Орталықтан курс туралы растау алу.


