Стратегиялық бағыт 1: «Академиялық және кәсіби даму» Тұрақты даму мақсаттарын есепке алғандағы академиялық қызмет саласындағы міндеттер:
1. MINOR және инновациялық білім беру бағдарламаларын қоса алғанда, икемді және пәнаралық білім беру бағдарламаларын дамыту
ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 8: Экономикалық өсім.
2. Білім беру үдерісіне цифрлық шешімдерді енгізу, оның ішінде онлайн платформаларды (Coursera, CISCO, HUAWEI) қолдануды кеңейту, IGPA, портфолиолар мен тағылымдамаларды автоматтандыру.
ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 9: Инновациялар мен инфрақұрылым
3. Формалды емес оқыту түрін танудың тетіктерін дамыту және оны академиялық кредиттерге трансформациялау
ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 10: Теңсіздікті азайту
4. Барлық факультеттердің студенттері мен оқытушыларының цифрлық курстарға, соның ішінде жасанды интеллект бағдарламаларына және AI-Sana бастамасына қатысуын арттыру
ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 16: Тиімді институттар
5. Колледж түлектерінің академиялық траекторияларын ТжКБ бағдарламаларын үйлестіру арқылы қолдау және оқу мерзімін қысқарту
ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 8: Экономикалық өсім
6. IT және педагогика саласынан тыс жұмыс берушілермен серіктестікті кеңейту арқылы студенттердің өндірістік тәжірибеге қатысуын арттыру
ТДМ 8: Экономикалық өсім; ТДМ 17: Тұрақты дамуға арналған серіктестіктер
7. Стипендиялар, гранттар және Президенттік бағдарламаларға қолжетімділікті кеңейту арқылы студенттерді уәждеу және ынталандыру жүйесін нығайту
ТДМ 1: Кедейшілікті болдырмау; ТДМ 4: Сапалы білім
8. БББ ұлттық рейтингтердегі позицияларын жақсарту және білім беру сапасын ішкі бағалау тетіктерін дамыту
ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 16: Тиімді институттар
9. Халықаралық стандарттарға және кәсіби талаптарға сәйкестікке баса назар аудара отырып, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жалғастыру,
ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 17: Серіктестік
10. Оқу үдерісінің тартымдылығы, нәтижелілігі мен цифрландырылуы бойынша KPI көрсеткіштерімен қамтамасыз ететін университеттің біртұтас цифрлық экожүйесін құру.
ТДМ 9: Инновациялар және инфрақұрылым; ТДМ 16: Тиімді институттар
