"Тұғыры биік тәуелсіз ел - Қазақстан" атты мерекелік іс- шара
15.12.2021ж. күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жаратылыстану» факультетінің рухани жаңғыру залында "Тұғыры биік тәуелсіз ел - Қазақстан" атты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік іс- шара өткізілді. Жиынға ХТИИ профессор-оқытушылар құрамы, ардагерлер, студенттер мен институт қонақтары қатысты.
«Компьютерлік графика және дизайн» зертханасында компьютермен басқарылатын лазерлік құрылғыда студенттер ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай сувенирлік өнімдер дайындап, келген қонақтарға сыйлады.




16 Дек 2021
8815