«Sherkhan Unity Games» – бірлік пен достықтың жарқын көрінісі!

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған «SHERKHAN UNITY GAMES» көңілді старт ойындары өтті.

Сайысқа әр команда құрамында 1 қызметкер мен 5 студенттен қатысып, өзара ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Қатысушылар командалық рухты сақтай отырып, шапшаңдық пен ептіліктерін сынға салды.
Жарыс қорытындысы:
I орын – Шығармашылық мамандықтар факультеті
II орын – Заң факультеті
III орын – Студенттер үйі

Жеңімпаздар мен барлық қатысушы командалар арнайы қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Барша қатысушыларды құттықтаймыз!

18 Нояб 2026
18