COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Университет қызметкерлері мәртебелі марапатқа ие болды

 

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін Жамбыл облысы әкімдігінің марапаттарына ие болды.

 

Атап айтқанда, университеттің Цифрландыру басқармасы «Техникалық қызмет көрсету» секторының жетекшісі Төлеев Тұрсыналы Нахысбекұлы өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және ақпараттық технологиялар саласын жетілдіруге қосқан үлесі үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

 

Сонымен қатар, университеттің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауым.профессор Оңғарбаева Марал Бүркітбайқызы өңірдің ақпараттық технологиялар саласының дамуына қосқан үлесі және кәсіби мерекеге орай Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Аталған марапаттар – университет қызметкерлерінің цифрлық технологияларды дамыту, заманауи ақпараттық жүйелерді жетілдіру және ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандар даярлау бағытындағы еңбектерінің жоғары бағалануы.

 

Әріптестерімізді мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби қызметтеріне табыс, шығармашылық ізденіс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!