COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Талант» халықтық студенттер театры фестивальдің көрермен көзайымы атанды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Талант» халықтық студенттер театры Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Театр – өмір айнасы» облыстық халық театрлары фестивалінде жоғары нәтиже көрсетті.

 

 

 

5–6 қараша күндері өткен шығармашылық байқауға Жамбыл облысынан 16 халық театры қатысып, көрермен назарына түрлі жанрдағы сахналық қойылымдарын ұсынды. Фестиваль қорытындысы бойынша 9 театр арнайы номинациялармен марапатталды.

 

 

 

Байқау барысында «Талант» халықтық студенттер театры «Айша бибі» қойылымын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде университет ұжымы «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленіп, 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды.

 

 

 

Бұл жетістік – театр ұжымының шығармашылық ізденісі, сахна өнеріне деген сүйіспеншілігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. 

Университет ұжымы «Талант» халықтық студенттер театрын жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейді!