Студенттеріміз ел чемпионы атанды

Түркістан қаласында көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жамбылдық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әйелдер құрамасы I орын иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!

Команданың жеңісіне университетіміздің Д/ш 25-1 (IP) тобының студенттері де үлес қосты:
- Мұғал Назерке
- Мұхан Әйгерім
- Нұржан Фариза
Студенттерімізді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

06 Нояб 2026
81