COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Қазақ киносының алтын қоры: Меруерт Өтекешовамен кездесу өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде қазақ киносының көрнекті режиссері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай тағылымды кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы – Қазақстанның халық әртісі, қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешова.

 

 

 

Тағылымды шараға университет ректоры Махметғали Сарыбеков, “Қазақ әлемі” қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Бақытжан Сертеков, “Ер-намыс” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алядинов, “Біздің Ғани” фильмінің актерлері қатысты.

 

 

 

Кездесу барысында қазақ киносының қалыптасу тарихы, Абдолла Қарсақбаевтың шығармашылық мұрасы, ұлттық кино өнерінің дамуы мен «Қыз Жібек» фильмінің мәдени маңызы сөз болды.

 

 

 

Университетке алғаш рет арнайы қонақ болып келген Меруерт Қаратайқызына қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіліп, иығына ұлттық кәде-жоралғы ретінде шапан жабылып, естелік сыйлықтар табысталды. Кейін “Ер-намыс” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алядинов өнер иесін “Қадірлі ана” төсбелгісімен марапаттады.

 

Меруерт Өтекешова өнер жолындағы естеліктерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, мазмұнды кешті одан әрі әсерлі ете түсті.