COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Академиялық ұтқырлық: Қырғызстандық ғалымдар дәріс оқыды

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетіне Бішкек қаласындағы К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің оқытушылары келді.

 

 

 

Сапар барысында қырғызстандық әріптестер студенттерге қаржы саласына қатысты өзекті тақырыптар бойынша дәріс оқыды. Атап айтқанда, Кожогулова Венера Советовна «Қаржылық технологиялар» тақырыбында дәріс өткізсе, Исаева Жылдыз Мукашевна «Қырғыз Республикасының банк жүйесі» тақырыбын жан-жақты түсіндірді.

 

 

 

Дәрістер барысында қаржы секторының қазіргі даму үрдістері, цифрлық технологияларды енгізу ерекшеліктері және Қырғызстанның банк жүйесінің жұмыс тәжірибесі қарастырылды. Сонымен қатар, білім алушылар қаржы саласындағы өзгерістер мен халықаралық тәжірибеге қатысты маңызды ақпараттармен танысып, кәсіби білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды.

 

 

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы оқытушылар мен білім алушылардың тәжірибе алмасуына, ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жол ашады. Мұндай кездесулер Қазақстан мен Қырғызстан жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтып, білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.