COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Республика күніне орай салтанатты жиын өтті

 

25 қазан – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күні. Бұл – еліміздің мемлекеттілігін айқындайтын, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптейтін тарихи маңызы зор мереке.

 

 

 

Осы айтулы күнге орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық мерекенің мән-маңызын насихаттау, ел болашағы үшін еңбек етіп жүрген азаматтардың жетістіктерін дәріптеу және жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру.

 

 

 

Мерекелік жиын барысында білім беру, ғылым және спорт салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, университеттің дамуына үлес қосып жүрген студенттер марапатталды. Сонымен қатар Республика күніне орай ұйымдастырылған волейбол турнирінде жеңіске жеткен және белсенділік танытқан командаларға бағалы сыйлықтар табысталды.

 

 

 

Іс-шара барысында университеттің жетістіктері атап өтіліп, білімді, белсенді әрі талантты жастардың ел дамуына қосар үлесінің маңыздылығы айқындалды.

 

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды! Еліміздің егемендігі нығайып, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Қазақстанның болашағы жарқын, еліміздің мерейі үстем болғай!