COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университетінің студенті «Miss Taraz – 2026» байқауында вице-мисс атанды!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Педагогика факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Медет Қазына «Miss Taraz – 2026» сұлулық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, екі бірдей марапатқа ие болды.

 

Байқау қорытындысы бойынша Медет Қазына «Miss Taraz – 2026» атағының вице-миссі атанса, «Miss People’s Choice Taraz – 2026» номинациясында ең көп дауыс жинап, көрермен көзайымы атанды.

 

Студенттің жетістігіне орай университет ректоры Махметғали Сарыбеков Медет Қазынаны қабылдап, қос марапатымен құттықтады. Кездесу барысында ректор студенттің жетістігін атап өтіп, алдағы бастамаларына сәттілік пен жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

 

Университет ұжымы Медет Қазынаны жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және алдағы байқауларда сәттілік тілейді!