COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ғылымға адалдық – ғұмырға ғибрат

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Құлибайқызының 50 жас мерейтойына орай «Ғылымға адалдық – ғұмырға ғибрат» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мерейтой иесінің ғалымдық болмысын, ұстаздық тағылымын және адамдық келбетін кеңінен таныту, оның ғылым мен білім саласындағы еңбегін дәріптеу, кәсіби жолын жас ұрпаққа үлгі ету.

 

 

Дөңгелек үстел барысында Эльмира Құлибайқызының ғылыми ізденістері, қазақ әдебиетін зерттеуге қосқан үлесі, білім беру саласындағы жетістіктері мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі сөз болды. Сонымен қатар әріптестері мен шәкірттері мерейтой иесінің адами қасиеттері, кәсіби жауапкершілігі және ұжым арасындағы беделі туралы жылы лебіздерін білдірді.

Мерейтой иесін құттықтағандардың қатарында стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Гүлнұр Исабекова, кәсіподақ төрайымы, Шырынкүл Алимкулова, персоналды басқару және құжат айналымы басқармасының басшысы Құндыз Сихаева, «Педагогика» факультетінің деканы, PhD докторы Талғат Нұрбеков болды. Сондай-ақ әріптестері мен шәкірттері ізгі тілектерін жеткізді.

 

 

Эльмира Құлибайқызы – ғылым мен білім саласында ұзақ жылдар бойы нәтижелі еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2 монография, 4 оқу құралы және 2 көмекші оқу құралы жарық көріп, 150-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған. Ғалымның зерттеулері қазақ әдебиетінің тарихы, жыраулар поэзиясы, Дулат Бабатайұлының шығармашылығы және әдебиет теориясы секілді маңызды бағыттарды қамтиды.

Автордың «Дулат және Абай» (2005), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2006), «Дулат Бабатайұлының ақындығы» (2009), «Сапа менеджменті жүйесі» (2014), «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2019), «Жыраулар поэзиясы» (2021), «Дананың сөзі – ақылдың көзі» (2022), «Ахмет Байтұрсынұлы: „Әдебиет танытқыш“ және қазіргі әдебиет теориясы» (2023) атты еңбектері ғылыми қауымдастық пен білім алушылар үшін маңызды зерттеулер қатарынан орын алады. Ғалымның еңбектері елімізде және шетелдік басылымдарда жарияланған.

 

 

Әдеби-танымдық кездесу мерейтой иесінің ғылымға деген адалдығын, ұстаздық жолдағы табандылығын және адамдық болмысын айқындайтын тағылымды шараға айналды. Ғылымға адалдықты өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаздың өнегелі жолы – жас ұрпаққа үлгі, ал еңбегі – білім мен ғылымның дамуына қосылған қомақты үлес.