COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Cтуденттеріміз – әлем чемпиондары!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері халықаралық спорт додасында ел мерейін үстем етіп, Таразға жеңіспен оралды!

Италияның Лидо-де-Езоло қаласында 18–27 қыркүйек аралығында кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген мықты спортшылар бас қосқан байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында университетіміздің студенттері де өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

 

 

Ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымыз өздерінің шеберлігі мен жігерін көрсетіп, дүбірлі додада жүлделі орындардан көрінді:

Ғалымжанұлы Аян –1-орын

Абдамит Нұрислам –1-орын

Сабыр Әліби – 3-орын

Жайлаубай Арнұр – 3-орын 

 

Жарыс барысында спортшыларымыз қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін танытты. Екі студентіміз әлем чемпионы атанып, алтын медальға ие болса, тағы екі спортшымыз жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Жеңіспен елге оралған чемпиондарымызды Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің жастары ерекше ықыласпен қарсы алды.

Бұл – тек спортшыларымыздың ғана емес, олардың ата-аналары, жаттықтырушылары, қолдау көрсеткен жандар мен университет ұжымы үшін де үлкен қуаныш. Себебі әрбір жеңістің артында тынымсыз еңбек, күнделікті дайындық, табандылық пен жеңіске деген жігер жатыр.

 

 

Жастарымыздың халықаралық аренада Қазақстанның көк Туын көкке көтеріп, ел Әнұранын шырқатуы – зор мақтаныш. Олардың жетістігі университетіміздің спорт саласындағы жетістіктерінің қатарын толықтырып, кейінгі жастарға үлгі болары сөзсіз.

Чемпиондарымызға алдағы жарыстарда сәттілік, мықты денсаулық, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Ел намысын абыроймен қорғап, университетіміздің мерейін асқақтатқан спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!

Көк Туымыз көкке көтеріле берсін!