COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұхамет-Омар Паншаевтың «Туған өлке» көрмесі өтті

 

18 қыркүйек күні Тараз қаласындағы Достық үйінде белгілі қазақстандық суретші, кескіндемеші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Мұхамет-Омар Сализұлы Паншаевтың «Туған өлке» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Көрменің негізгі мақсаты – бейнелеу өнерін насихаттау, жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және туған жерге деген сүйіспеншілікті өнер арқылы дәріптеу.

 

 

Көрме экспозициясына Мұхамет-Омар Сализұлы Паншаевтың жеке туындыларымен қатар, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Шығармашылық мамандықтар факультеті студенттерінің шығармашылық жұмыстары да қойылды. Атап айтқанда, «Көркем еңбек және сызу» және «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік» білім беру бағдарламаларында білім алатын студенттердің еңбектері көрермен назарына ұсынылды.

Көрмеге  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Студенттермен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Кулабекова Гүлшат Қамбарбекқызы, «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы Құрманбекова Айгүл Саукымбекқызы, университеттің оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

 

 

Мұхамет-Омар Сализұлы Паншаев – қазақстандық бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол 1957 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында дүниеге келген. 1976–1982 жылдары В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтында профессор В.Г. Цыплаковтың шеберханасында білім алған.

Паншаевтың еңбектері Қазақстандағы және шетелдердегі бірқатар музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Атап айтқанда, оның туындылары Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі, Мемлекеттік Третьяков галереясы, Ғ. Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері музейі, Қытайдағы Сиян бейнелеу өнері музейі, Тегерандағы Иран өнер музейі, Эр-Риядтағы Өнер және ғылым зерттеу орталығы қорларынан орын алған.

 

 

1991 жылы Мұхамет-Омар Сализұлы Паншаевқа Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді.

Көрме барысында Мұхамет-Омар Сализұлы Паншаев университет студенттерінің шығармашылық жұмыстарына жоғары баға беріп, жас суретшілерге өз өнерлерін шыңдап, шығармашылық ізденісті жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

 

Іс-шара соңында суретші Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетіне көрмені ұйымдастыруға атсалысып, студенттердің шығармашылық жұмыстарын ұсынуға мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдірді.

«Туған өлке» көрмесі – өнерді ұрпақ тәрбиесімен сабақтастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мазмұнды мәдени іс-шара болды.