COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Құқығыңды біл — таңдауыңа жауап бер!

 

Адамның өз құқығын білуі — заңды жаттау емес. Бұл — өзіне жасалған әділетсіздікке үнсіз қалмау, дұрыс шешім қабылдау және әр әрекетіне жауапкершілікпен қарау.

Осы маңызды құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Абай атындағы педагогикалық колледжінде «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сенің құқығың. Сенің таңдауың. Сенің жауапкершілігің.» тақырыбында TEDx форматындағы кездесу өтті.

 

 

Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, колледж студенттері үшін құқықтық сауаттылықты арттыруға, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге бағытталды. Кездесуге құқық саласының тәжірибелі мамандары спикер ретінде қатысты.

Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты Ширанова Гульмира Бердалиевна, Жамбыл облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Салиева Жанбота Газизовна, сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті Заң клиникасының меңгерушісі Мусаева Алия Январбековна студенттермен ашық форматта пікір бөлісті.

 

 

Спикерлер жастарға заң алдындағы жауапкершілік, азаматтың құқықтары, құқық бұзушылықтың алдын алу және күнделікті өмірде заңдық мәселелерге тап болған жағдайда дұрыс әрекет ету жөнінде нақты мысалдар келтірді.

TEDx форматындағы еркін әңгіме студенттердің де белсенді араласуына мүмкіндік берді. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тікелей жауап алды. Өз құқығын білетін адам — өз таңдауын саналы жасайды. Ал саналы таңдау — жауапкершіліктен басталады.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — әділетті қоғам құрудың маңызды қадамы. Себебі заңды құрметтеу тек талаптан емес, өз құқығың мен жауапкершілігіңді түсінуден басталады.