Шерхандық студент – Қазақстан чемпионы!

Шерхан Мұртаза Халықаралық Тараз университетінің Заң факультетінің студенті Асқарбек Фаутсаффар Саматұлы WKF Shito-Ryu бағыты бойынша өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.
Жарыс Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысты.

Университет студенті 18–20 жас аралығындағы жастар арасындағы бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленді. Сонымен қатар 18 жастан жоғары ерлер арасында командалық кумитэ бойынша ІІ орынға ие болды.
Осылайша, Асқарбек Фаутсаффар Саматұлы жеке шеберлігін көрсетіп қана қоймай, командалық сайыста да үздіктер қатарынан көрінді.

Жеңіспен оралған студентті университет ректоры Махметғали Сарыбеков арнайы қабылдап, жүлделі орындарымен құттықтады. Кездесу барысында ректор студенттің спорттағы жетістігіне жоғары баға беріп, алдағы жарыстарда да биіктерден көрінуіне тілектестік білдірді.


15 Сен 2026
28