COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Бірінші курс студенттеріне Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды

 

Шерхан Мұртаза университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков үш күн бойы бірінші курс студенттеріне «Шерхан Мұртаза: өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында тағылымды дәріс оқыды. Кездесулерге университеттің бес факультетінде білім алып жатқан студенттер қатысты.

 

 

Дәріс барысында қазақ әдебиеті мен журналистикасының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өнегелі өмір жолы, азаматтық ұстанымы мен шығармашылық мұрасы кеңінен баяндалды. Сондай-ақ қаламгердің ұлттық руханиятты дамытуға қосқан үлесі мен ел мүддесін қорғаудағы қайраткерлік тұлғасына ерекше назар аударылды.

 

 

Кездесу аясында студенттерге оқу үдерісі мен университет өміріне қатысты маңызды ақпараттар да берілді. Тіркеу офисінің жетекшісі Мадина Әзімова кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері, білім алушылардың оқу траекториясын қалыптастыру және пәндерге тіркелу тәртібі туралы түсіндірді.

 

 

Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Нұрлан Сансызбаев интегралды GPA көрсеткіші, оны есептеу тәртібі және студенттің оқу мен қоғамдық өмірдегі белсенділігін бағалаудағы маңызы жөнінде баяндады. Сонымен қатар білім алушылар университеттегі жастар ұйымдарының қызметі, негізгі бағыттары және қоғамдық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерімен танысты.

 

 

Халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Назым Дүйсенова академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпарат беріп, студенттердің еліміздегі және шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктеріне тоқталды.

 

 

Үш күнге жалғасқан мазмұнды дәрістер бірінші курс студенттерінің университетке бейімделуіне, оқу жүйесі мен жастарға ұсынылатын мүмкіндіктерді тереңірек түсінуіне ықпал етті. Сондай-ақ білім алушылар университетімізге есімі берілген заңғар тұлға Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын жақыннан танып, оның елдік мұраты мен рухани құндылықтарын бойға сіңірді.