COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Білім күні аталып өтті

 

1 қыркүйекте Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті.

 

 

Мерекелік жиын Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

 

 

Іс-шара барысында университет президенті, құрылтайшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Саурықов және университет ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков жиналған қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

 

 

Университет дәстүріне сәйкес бірінші курс студенттеріне Білім кілті мен студенттік билет табысталды. Сонымен қатар білім мен ізденістің маңызын айшықтайтын символикалық кітап бірінші курс студенттеріне салтанатты түрде берілді.

 

 

Шарада Жамбыл облысының дарынды жастарын қолдауға арналған «ХТУ-дың 100 гранты» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары марапатталды. Университет бұл білім беру гранттарын биыл төртінші рет ұсынып отыр.

 

 

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.