Шерхан университеті ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлікке ие болды.
Бұл аккредиттеу университетке мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, кәсіпкерлерден, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жобалары бойынша конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді.
Аталған жетістік – университеттің ғылыми әлеуетінің жоғары екенін және ғылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін айқындайды. КУӘЛІК ➟

09 Июль 2026
143