COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Coursera байқауының қорытындысы жарияланды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Coursera халықаралық онлайн білім беру платформасы үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылып келеді. Жоба профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға әлемнің жетекші университеттері мен сарапшыларынан білім алып, кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.

2026 жылғы 6 мамыр мен 6 маусым аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында Coursera компаниясының Қазақстандағы ресми серіктесі – BMG Upskill компаниясымен бірлесіп арнайы байқау ұйымдастырылды.

 

 

Байқау қорытындысы бойынша университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Қадырова Ақмарал Сәтбекқызы мен байқау жеңімпазы – «Экономика және басқару» кафедрасының сеньор-лекторы Иманбекова Ақмарал Coursera компаниясының Қазақстандағы ресми серіктесі – BMG Upskill компаниясының сертификаттары және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Байқаудың бас жүлдесін «Экономика және басқару» кафедрасының сеньор-лекторы Иманбекова Ақмарал иеленді. Ол 36 курсты сәтті аяқтап, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

 

 

Сонымен қатар 15 және одан да көп курсты аяқтап, жоғары белсенділік танытқан оқытушылар:

- Абдуллаева Жанат Абубакировна («Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасы) – 30 курс

- Қуанышева Индира («Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы) – 28 курс

- Арғынбай Инабат («Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы) – 20 курс

- Қайпұлдаева Асель Қалыбекқызы («Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы) – 19 курс

- Құрманалиева Нұргүл Сайлаубекқызы («Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы) – 19 курс

- Ильясова Индира («Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы) – 15 курс

- Кенжалиев Дамир («Биология және ауыл шаруашылығы мамандықтары» кафедрасы) – 15 курс.

- Coursera платформасын пайдалану нәтижелері:

- Қатысушылар саны – 228 адам

- Қолжетімді лицензиялар – 50

- Лицензияларды пайдалану көрсеткіші – 482%

- Бір пайдаланушының орташа оқу уақыты – 3,3 сағат

- Белсенді тіркелулер – 480 (бір пайдаланушыға орта есеппен 2,3 курс)

 

Білім алушылардың қатысу деңгейі 76%-ды құрап, бағалау жүйесі бойынша жоғары (жасыл) деңгейге жетті. Бұл университет қауымдастығының цифрлық білім беру мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, үздіксіз кәсіби дамуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, кәсіби жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!