Шығармашылық емтихандар басталды!

Бүгін, 9 шілде күні, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде 2026–2027 оқу жылына шығармашылық білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар басталды.

Биыл шығармашылық емтихандарға қатысып жатқан талапкерлер саны:
В004 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» – 15 талапкер;
В005 – «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» – 229 талапкер;
В007 – «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» – 35 талапкер.

Барлығы 279 талапкер шығармашылық емтихандарда өз білімдері мен қабілеттерін сынап, болашақ мамандықтарына алғашқы қадамдарын жасауда.
Барлық талапкерлерге сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!

09 Июль 2026
245