Дербес бөлу (жұмысқа орналастыру) жөніндегі комиссия мәжілісінің жұмысы өтті

«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 29 маусым күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші студенттерге және магистранттарға 2025-2026 оқу жылында жас мамандарды дербес бөлу (жұмысқа орналастыру) жөніндегі комиссия жұмысын жүргізді.

Дербес бөлу (жұмысқа орналастыру) жөніндегі комиссия мәжілісіне Тараз қаласы бойынша Мансап орталығы филиалының «Жұмыс берушілерді қолдау» секторының жетекшілері Тоқтыбаев С. және Байузаков Е. қатысты. Мемлекеттік білім беру тапсырысы және жергілікті бюджет есебі негізінде білім алған бітіруші студенттер мен магистранттар катысып, толық ақпарат алды.

Дербес бөлу (жұмысқа орналастыру) жөніндегі комиссия мәжілісінің шешімімен бітіруші студенттермен магистранттар арасында Мансап орталығына жұмыссыз ретінде есепке қоюға жолдама берілді.


29 Июнь 2026
86