«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік жұмыстарды қорғаудың бірінші күні өтті

15.06.2026 ж. 7M01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік жұмыстарды қорғаудың бірінші күні өтті.

Қорғау барысында магистранттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жоғары деңгейде ұсынып, кәсіби дайындықтары мен ғылыми ізденістерін көрсетті. Әрбір жұмыс өзектілігімен, мазмұндылығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.

Магистранттар зерттеу тақырыптарын жан-жақты талдап, комиссия мүшелерінің сұрақтарына сауатты жауап беріп, өздерінің ғылыми құзыреттіліктерін дәлелдей алды.

Барлық магистранттарға сәтті қорғаныс нәтижелері мен алдағы кәсіби және ғылыми қызметтеріне толағай табыс тілейміз!

15 Июнь 2026
116