COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Әкім Ысқақ студенттермен кездесті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде белгілі ақын, жазушы, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ студент жастармен кездесу өткізді.

 

 

Кездесу барысында қонақ өзінің өмір жолы, шығармашылық қызметі, қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі туралы әңгімелеп, жастарға білім алудың, еңбекқорлық пен табандылықтың маңызы жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың болашақ жоспарлары мен бастамаларына сәттілік тіледі.

 

 

Еркін форматта өткен кездесуде студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік алды. Әсіресе ұлттық құндылықтар, әдебиет, жастар тәрбиесі және тұлғалық даму тақырыптары кеңінен қозғалды.

 

 

Кездесу соңында университет ұжымы құрметті қонаққа алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыстады. Мұндай тағылымды кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, олардың рухани дамуына оң ықпал етеді.