COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

2026 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) республикалық конкурсының II кезеңінде университет студенттері жүлделі орындарға ие болды

2025 жылдың желтоқсан айында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) республикалық конкурсының университетішілік І кезеңі өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар республикалық конкурстың ІІ кезеңіне жолданды. 

2026 жылы еліміздің жоғары оқу орындары базасында өткен СҒЗЖ республикалық конкурсының ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша университетіміздің студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындар мен марапаттарға ие болды.

 

Атап айтқанда: 

6В01402 «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша: 

ІІ дәрежелі диплом – Жанабаева Шаттық Серікқызы, ғылыми жетекшісі – Куатбекова Раушан Илесбековна;

ІІІ дәрежелі диплом – Есалы Айсезім Сабитқызы, ғылыми жетекшісі – Сарсембаева Меруерт Сейдалиевна.

 

6В01602 «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша:

ІІІ дәрежелі диплом – Абдурахман Әбдіраман Қаржаубайұлы, ғылыми жетекшісі – Касымкулова Перизат Турдакыновна.

 

6В01708 «Орыс тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша: 

ІІІ дәрежелі диплом – Ғизатулла Камила Айдосқызы, ғылыми жетекшісі – Стамкулова Баян Шаймерденова.

 

Сонымен қатар, республикалық конкурстың ІІ кезеңінде жоғары нәтижелері үшін бірқатар студенттер Ректордың алғыс хатымен марапатталды.

 

6В01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша: 

Ректордың алғыс хаты – Тұрсынбай Нұрай Жамбылбекқызы, ғылыми жетекшісі – Таджикова Айгерим Джамбуловна.

 

6В01708 «Орыс тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша: 

Ректордың алғыс хаты – Толеубекова Толганай Асетовна, ғылыми жетекшісі – Стамкулова Баян Шаймерденова.

 

Университет ұжымы жеңімпаз студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында жаңа жетістіктер тілейді.