«Әрекет-2026» республикалық бизнес-стартап байқауы өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылған «ӘРЕКЕТ-2026» республикалық бизнес-стартап жобалар байқауы өтті.
Аталған байқау биыл 4-рет өткізіліп отыр. Жыл сайын ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны артып келе жатқан бұл жоба жастардың кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Биылғы байқауға 20 команда қатысып, өз жобаларын жоғары деңгейде қорғады.
Қатысушылар «IT және әлеуметтік жобалар» және «Өндіріс және қызмет көрсету» бағыттары бойынша бақ сынап, белгіленген регламентке сай өз стартап жобаларын таныстырды.

Байқау нәтижесі бойынша:
I орын – Canteen online командасы
(Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері)
II орын – QuickAI командасы
(Тараз қаласы №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясы)
III орын – Algae командасы
(Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті)

Қатысушылар тың идеяларымен, креативті ойлау қабілеттерімен және жоғары деңгейдегі дайындықтарымен ерекшеленді.


05 Май 2026
77