COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«SHERKHAN WORLD»: облыстық шығармашылық фестивалі өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет облыстық «SHERKHAN WORLD» шығармашылық фестивалі өтті. 

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның сан қырлы тұлғасын жас ұрпаққа таныту, білім алушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ олардың креативті ойлау дағдыларын дамытып, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін жетілдіру болып табылады.

 

 

 

Фестивальдің міндеті – оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өзіндік ой қорытып, тұжырым жасауға бағыттау, заманауи талаптарға сай жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануға баулу, сондай-ақ сахналық қойылым арқылы әртістік шеберліктерін дамыту.

 

 

 

Іс-шараның салтанатты ашылуында университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Сарыбеков сөз сөйлеп, фестивальдің маңыздылығы мен тәрбиелік мәніне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Шара барысында студенттерден құралған «Рух» дуэті ән шырқап, Шерхан Мұртазаға арналған арнаулар оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

 

 

 

Фестиваль келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды: 

 «Sherkhan – AI» (үздік ЖИ контенті)

 «Essay competition» (эссе байқауы)

 «Best article» (үздік танымдық мақала)

«Drama time» (үздік сахналық қойылым)

 

 

 

Жалпы, фестивальге Жамбыл облысы бойынша 72 қатысушы қатысты. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептердің 10–11 сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері өзара бақ сынасты.

 

 

 

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, салтанатты түрде марапатталды. Құттықтау сөз сөйлеген университет ректоры М.Н. Сарыбеков үздік қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. 

Аталған шығармашылық жоба жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды алаңға айналды.