Ашық есік күні: халыққа тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Анаға тағзым» орталығында Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің заң клиникасының қатысуымен ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты – халыққа сапалы құқықтық кеңес беріп, заң саласындағы өзекті мәселелер бойынша нақты бағыт-бағдар ұсыну болды.

Ашық есік күні аясында ұйымдастырылған арнайы кеңес беру алаңында қала тұрғындары, сондай-ақ Байзақ және Жамбыл аудандарынан келген азаматтар білікті мамандардың қабылдауында болды. Қатысушылар тұрмыстық, әлеуметтік, еңбек және отбасылық құқыққа қатысты сұрақтарын қойып, тегін әрі кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Шара барысында адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары, жеке сот орындаушылары және Әділет департаментінің қызметкерлері тұрғындардың өзекті сауалдарын тыңдап, әрбір мәселе бойынша құқықтық тұрғыда нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


29 Апр 2026
47