Жасанды интеллект: ғылым мен білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті базасында «Жасанды интеллекттің ғылым мен білім беру саласына ықпалы: қазіргі ахуал және болашақ даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында жасанды интеллект технологияларының ғылым мен білім беру жүйесіндегі рөлі, қазіргі мүмкіндіктері мен болашақ даму бағыттары кеңінен талқыланды.

Халықаралық конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, жас зерттеушілер мен студенттер қатысып, өз ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Пленарлық мәжіліс пен секциялық отырыстарда жасанды интеллекттің білім беру үдерісін жаңғыртудағы маңызы, ғылыми зерттеулерде қолданылуы және цифрлық технологиялардың даму перспективалары сөз болды.

Конференция ғылым мен білім саласындағы тәжірибе алмасуға, жаңа ғылыми идеяларды талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.

10 Апр 2026
81