Шығармашылық құзыреттілік: жасанды интеллектті кәсіби ортада қолдану тетіктері

«Шығармашылық құзыреттілік: жасанды интеллектті кәсіби ортада қолдану тетіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – шығармашылық индустриялар мен білім беру жүйесіндегі жасанды интеллекттің қазіргі даму үрдістерін жан-жақты талқылау, озық тәжірибелермен алмасу және цифрлық трансформация жағдайында тиімді даму стратегияларын айқындау.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өрбіді:
- Білім беруді цифрландырудың заманауи модельдері
- Білім беру процесінде жасанды интеллектті тиімді қолдану
- Шығармашылық трансформация жағдайындағы үздіксіз білім беру
- Халықаралық ынтымақтастық пен шығармашылық интеграция

Аталған ғылыми алаңға АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан елдерімен қатар Қазақстанның Маңғыстау облысы (Ақтау қаласы), Ақтөбе облысы (Ақтөбе қаласы), сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Тараз қалаларынан жетекші ғалымдар мен тәжірибелі мамандар қатысып, өзекті баяндамалар ұсынды
Шетелдік спикерлер қатарында:
– Анна Nesteruk (АҚШ)
– Ташимов Нурлан Эрполатович (Өзбекстан)
– Бутешов Малабек Жакыпбекович (Қырғызстан)
– Турусбеков Абдысадыр (Қырғызстан)
– Жулдыз Бахати (Қытай)
– Ансори Кудратхон Муаззам (Тәжікстан)
Қазақстандық қатысушылар:
– Кошкинбаева Нургуль Рыспаевна
– Жалжанов Нұрболат Хадисұлы
– Жунисова Асия Талгатовна
– Каскирбаева Жулдиз Мырзалиевна
– Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы

Конференция барысында жасанды интеллекттің білім беру мен шығармашылық салалардағы рөлі, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері және инновациялық әдістер кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алды.
Іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, жаңа идеялар мен бастамалардың қалыптасуына маңызды серпін берді.

09 Апр 2026
67