COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Алтын түлек» республикалық олимпиадасының жеңімпаздарына Шерхан университетінің гранттары табысталды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті базасында республикалық «Алтын түлек» олимпиадасы өтті. Білім сайысына Жамбыл облысының 10 ауданынан және Тараз қаласынан келген 132 мектеп бітіруші түлек қатысып, өз білімдерін сынады.

 

 

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар әр кезеңде өз білім деңгейлерін көрсетіп, түрлі тапсырмаларды орындап, өзара бақ сынасты.

 

 

Іс-шара барысында университеттің ерікті студенттері талапкерлерге оқу ордасының тыныс-тіршілігін таныстырып, оқу ғимараттары мен Студенттер үйіне экскурсия ұйымдастырды. Бұл болашақ талапкерлерге университеттің білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

 

 

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз түлектерге Шерхан университетінің арнайы білім гранттары табысталды. Бұл гранттар талапкерлерге жоғары білім алып, болашақта білікті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.