Шерхан университеті Жуалы ауданының түлектерімен кездесті

“Жаратылыстану” факультетінің оқытушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Жуалы ауданына арнайы барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқытушылар оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, студенттерге жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар талапкерлерге гранттар, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, тәжірибеден өту мүмкіндіктері және оқу орнын тәмамдағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында мектеп бітіруші түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, құжат тапсыру тәртібі және студенттік өмір туралы толық мәлімет алды. Оқытушылар жастарды болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға шақырып, жоғары білім алудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында университет туралы ақпараттық буклеттер таратылып, талапкерлерге оқу орнына түсу мүмкіндіктері жөнінде бағыт-бағдар берілді.

18 Март 2026
100