Шерхан университеті Тараз волейбол клубының бас демеушісі атанды

Тараз волейбол клубы ойыншылары Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті студенттеріне арнайы ашық жаттығу өткізді.

Жаттығу барысында клуб спортшылары волейболдағы негізгі техникалық әдістерді көрсетіп, студенттермен тәжірибелерімен бөлісті. Ашық жаттығу жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Айта кетейік, Тараз волейбол клубы бас демеушісі ретінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті атанды. Осыған орай клуб ойыншылары университет логотипі бейнеленген жаңа спорттық формаларын таныстырды.

Іс-шара барысында студенттер кәсіби спортшылардың жаттығу процесімен жақын танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, университет пен спорт клубы арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.

10 Март 2026
107