Жаңа Конституция жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясындағы жаңа жоба бойынша қоғамдық-сараптамалық талқылау өтті. Басқосуға университеттің қызметкерлері, оқытушылар мен профессорлар қатысып, ұсынылған өзгерістердің мәні мен маңызын талқылады.
Университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы өз сөзінде референдумның ел дамуы үшін маңызды кезең екенін айтып, жаңа Конституция жобасының қоғам өміріндегі рөліне кеңінен тоқталды.

Жиынға арнайы келген Respublica партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Айнұр Шайзханқызы мен облыстық AQ JOL газеті бас редакторы Оралхан Даутов жаңа жобадағы өзгерістердің елдің саяси жүйесіне әсерін түсіндірді.

Аналар алқасының төрайымы Жанат Төлеуқызы өз сөзінде: «Барлығы өзімізден басталады» деп, отбасы тәрбиесі мен тіл мәселесінің маңызын атап өтті. Ұлттық құндылықтарды сақтау және жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру – тұрақты қоғам қалыптастырудың негізі екені айтылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жаңа Конституция жобасының ел болашағына ықпалы туралы пікірлерін білдірді.

27 Фев 2026
113