«Адал азамат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Заң» факультетінің ұйымдастыруымен «Адал азамат – Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Адал азамат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері, заң ғылымдарының кандидаттары мен PhD докторлары, прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері, адвокаттар және өңірлік заңгерлер палатасының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Адал азамат – әділетті қоғам негізі» тақырыбында баяндама жасалып, адалдықтың қоғам дамуындағы рөлі, адамгершілік құндылықтардың маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, өмірлік мысалдар келтірді. Сонымен қатар, адал еңбек, заңға құрмет, қоғамдық жауапкершілік, парасаттылық мәселелері қозғалып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

26 Фев 2026
108