COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Ғылымдағы әйелдер: талпыныс, төзімділік, табандылық» тақырыбында мазмұнды конференция өтті

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті базасында Amanat партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ғылымдағы әйелдер: талпыныс, төзімділік, табандылық» тақырыбында мазмұнды конференция өтті.

 

 

Іс-шараның басты мақсаты – ғылым саласында табысты еңбек етіп жүрген әйел ғалымдардың тәжірибесін насихаттау, жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беру және нәзік жандылардың ғылыми әлеуетін арттыруға қолайлы орта қалыптастыру.

 

 

Конференция барысында ғылымдағы гендерлік теңдік, ғылыми жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері, халықаралық жарияланымдардағы белсенділік, сондай-ақ жас ғалымдарды қолдау тетіктері кеңінен сөз болды. Қатысушылар ғылым жолындағы табандылық пен үздіксіз ізденістің маңызын атап өтіп, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастырды.

 

 

Басқосу аясында ғылымда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған әйел ғалымдардың жетістіктері үлгі ретінде ұсынылып, олардың кәсіби жолы жас буынға мотивация берді. Сонымен қатар, ғылыми қызметке қыз-келіншектерді тарту, талантты зерттеушілер қатарын көбейту және олардың бастамаларын қолдау бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Конференция өзара пікір алмасуға, жаңа ғылыми байланыстар орнатуға және әйелдердің ғылымдағы рөлін нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.