COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Байзақ ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Жамбыл облысы, Байзақ ауданының мектеп бітіруші түлектері мен оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастар университеттің білім беру мүмкіндіктері мен ғылыми-практикалық базасымен танысты.

 

 

Университет студенттері оқушыларға арналған концерттік бағдарлама ұсынып, шығармашылық әлеуеттерін көрсетті. Бұл шара жастарға студенттік өмірдің белсенді әрі мазмұнды екенін сезіндіруге мүмкіндік берді.

 

 

Сонымен қатар, қатысушыларға өз қабілеттеріне сену, нақты мақсат қою және үздіксіз білім алудың маңыздылығы айтылды. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті маман болу – тек дипломмен емес, білімге деген құштарлық пен табандылық арқылы қалыптасатыны назарға алынды.

 

 

Осындай кездесулер арқылы Шерхан университеті болашақ талапкерлерге саналы таңдау жасауға бағыт-бағдар береді.