COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

STOP STALKING: Қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті

 

Бүгін Шерхан университеті базасында «STOP STALKING: Қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және сталкингтің алдын алу, қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру.

 

 

Кездесуге Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы мамандары – Шаянова Назира Коктербаевна, Қорғанбаева Ботагөз Тілековна және полиция майоры Байшора Аяулым Сағынтайқызы қатысты.

 

 

Мамандар өз сөздерінде:
– сталкинг ұғымы мен оның қауіпті салдарын;
– тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілерін;
– психологиялық және құқықтық көмек алу жолдарын;
– заңнамалық жауапкершілік пен қорғану тетіктерін түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, нақты кеңестер алды. Іс-шара өзара құрмет пен қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.